Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Cіздерді төл мерекелеріңіз — баспасөз, телевизия және радио күнімен құттықтаймын!
Журналистика — қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің, газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болу өте маңызды.
Облыстың билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.
Кім-кімге де оңай соғып отырмаған қазіргі кезде ақтөбеліктерге еліміз бен аймақтың экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын түсіндіріп, жерлестеріміздің көкейкесті ойларын білуге және облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарымызды үйлестіруге бұқаралық ақпарат құралдарының мінберінен ғана мүмкіндік аламыз!
Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
Ақтөбелік журналистер алдағы уақытта да осы прогресшіл қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір проблемалардың ортасында жүреді деп сенемін.
Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!
Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!
Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов

Құрметті медицина қызметкерлері, облыстың денсаулық сақтау саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы — мемлекеттің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт қана Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті болады.
Денсаулық сақтау ісін дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қолға алған стратегиялық бағыттардың дұрыс екендігіне көз жеткіздік: денсаулық сақтау саласына қаржы құйылып, медициналық нысандар салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жаңа қарқын алды.
Облысымызда тұрғындардың денсаулығы жақсарып, бала туу көрсеткіші артып келеді, өлім саны азайды. Ал медициналық көмектің өзі қол жететін әрі сапалы бола түсті.
Медицина қызметкерлерінің күні денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтындардың ғана мерекесі емес, ол — бүкілхалықтық мейрам, өйткені, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ.
Орасан зор еңбектеріңіз құрметтің қандайына да лайық, сіздер атқарушы билік тарапынан да, тұрғындар тарапынан да үлкен алғысқа бөленіп келесіздер. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласы мен осы салада жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерге әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Биыл денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін облыстық әкімдік тарапынан сыйақы қоры 36 миллион теңге болатын «Шапағат» атты байқау жарияланды, оның нәтижесі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні шығарылады.
Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы үшін аянбай жасап отырған қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс тілеймін!
Бақытты болыңыздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медицина қызметкерлері!

Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов

Аймақтық даму әлеуеті тұрақты

30 мамыр - 1 маусым аралығында «электронды үкімет» порталында облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қатысуымен интернет-конференция өтті. Тақырып - Елбасының «Дағдарыстан  - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарын орындау туралы шаралар жоспарын жүзеге асыру.

Интернетті қолданушылардан үкіметтік сайтқа облыс басшысына 10 сұрақ түсті. Бұл сауалдарға әкімнің берген жауабы оқырмандар үшін қызықты болады деп ойлаймыз.
Толығырақ оқу »

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, Ақтөбе облысының әкімі: Ұлтты рухани дегдарлық құтқарады

- Елеусін Наурызбайұлы, әдетте, Сіз секілді ресми адаммен болатын сұхбаттың бәрі дерлік ресми шеңберден әріге бармайды: «мынаны бітірдік, ананы жоспарлап отырмыз» бен «пәлен пайыз, түген есе, мұнша теңге» деген сипаттағы есеп болып шығады. Әрине, сол «құрғақ» сандардың арғы жағында төгілген тер, салмақ түскен жүрек пен ми, тынымсыз ізденіс жататынын біз де ұғамыз. Ақтөбе облысының барлық салалар бойынша дамуының көрсеткіштері, өткен жыл қортындыларына қарағанда, өте жоғары. Биылғы дағдарыс тұсында да облыс кем дегенде өткен жыл деңгейінен төмендемеуді сеніммен жоспарлап отыр. Дегенмен, сіз бен біз осы «шеңберден» шығып, ресми кісілер үшін «дәстүрлі емес» сұхбатқа бара аламыз ба? Мәселен, Сізді «Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда беттеп барамыз?» дейтін «классикалық» сауалдар толғандырады ма? Әлде, Сіз «өте жақсы орындаушы» кейпінде қала бергенді қалайсыз ба?
Толығырақ оқу »