27 маусым — баспасөз, телевизия және радио күні!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – баспасөз, телевидение және радио күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі кездегі экономикалық, саяси және қоғамдық үрдістердің қарқынды ырғағы біздің өмірімізде ақпараттың маңызды орын алатындығын айғақтайды. Сіздер арқылы қалың жұртшылық тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады, білімін толықтыра түседі.

Сіздер қазіргі дәуірдің жылнамашысы ретінде барлық саланың дамуына, туған өлкені сүйіп, құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, біздің қоғамдағы адамгершілік бастауларды нық қалыптастыруға елеулі үлес қосып келесіздер. Кей жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті әлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң нәтижелерге қол жеткіземіз.

Қымбатты достар!

Баспасөз адамның ақылы мен жүрегіне ерекше әсер етіп, оның сөзінің құдіреті кез келген қуатты қаруға да қарсы тұра алады. Сондықтан, үлкен жауапкершілік – Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған ақтөбелік майталман-журналистерді әрдайым мақтан тұтамыз.

Құрметті кәсіп – журналист мамандығын игеру әркімнің талайына берілмеген. Жоғары кәсіби шеберлікті игере отырып, үнемі дәуір үнімен тыныстау, қазіргідей қарыштап дамыған қоғамда халықтың қуанышы мен ауыртпалығын бөлісу, шынайы пікірлесу, оларды жаңа асулар мен шыңдарға тарту тек қана Сіздердің қолдарыңыздан келеді.

Бүгінгі мереке күні өз оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіздің, тыңдаушыларыңыздың таңдаулысы болып қала берулеріңізді және шығармашылық табыс, кәсіптеріңізге сәттілік, мықты денсаулық тілеймін.

Облыс әкімі Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

1275381506_wwwchudetstvoru_den_medika_1

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ежелгі ғасырлардан бері дәрігерлік қызмет асыл әрі адамгершілікті ту еткен кәсіп болып саналады. Қандай қиын сәттер мен ауыр жағдайларда да дәрігерлер мен мейірбикелер өз ісіне мұқият қарап, адам жанының арашашысы бола білді. Дәуір мен өркениет алмасып келсе де, дәрігерлердің Гиппократ антына адалдығы сол күйінде қалып отыр.

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы жылғы Жолдауында: «Халық денсаулығы ол — Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі», — деп атап көрсеткен болатын. Бұл ақиқатында солай. Бүгінде ұлттық құндылығымыз — баға жетпес адам өмірін сақтауда, олардың толыққанды күшпен еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуында, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде сіздер атқаратын істердің маңызы зор.

Аса қадірлі медицина қызметкерлері!

Аса жауапты және шексіз берілген қызметтеріңізде Сіздер облыстың денсаулық сақтау саласының мерейін үстем етіп, жерлестеріміздің денсаулығын нығайтып, оны сақтауға зор үлес қосып келесіздер.

Ақ халатты абзал жандар ретінде әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, жігерін жандырып келесіздер.

Сіздердің қай кезде де ғажайып туғыза білген мейірімді жүрегіңіз бен епті қолдарыңыз адамзаттың көкейіне сенімділік ұялатады.

Игілікті еңбектеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы жолында аянбай жасап отырған қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс тілеймін!

Бақытты болыңыздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медицина қызметкерлері!

Облыс әкімі Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.