Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Cіздерді төл мерекелеріңіз — баспасөз, телевизия және радио күнімен құттықтаймын!
Журналистика — қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің, газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болу өте маңызды.
Облыстың билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.
Кім-кімге де оңай соғып отырмаған қазіргі кезде ақтөбеліктерге еліміз бен аймақтың экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын түсіндіріп, жерлестеріміздің көкейкесті ойларын білуге және облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарымызды үйлестіруге бұқаралық ақпарат құралдарының мінберінен ғана мүмкіндік аламыз!
Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
Ақтөбелік журналистер алдағы уақытта да осы прогресшіл қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір проблемалардың ортасында жүреді деп сенемін.
Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!
Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!
Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов

  1. Боранбаева Р.Ж.:

    Құрметті Елеусін Наурызбайұлы! Сізге қояр сұрағым: Жер кезегінде 2008 жылы тіркелдім. Оның кезегі әлі келер емес 17ш/м жерде (жатақхананың 1 бөлмесі) 22 жастағы қыз бала мен 17 жастағы ер балам және жолдасым төртеуміз тұрамыз. Жер алып үй салғымыз келеді. Үй немесе жер сатып алуға қаражатымыз жоқ. Өзім жеке меншік мекемеде жұмыс жасаймын. Мемлекеттік мекемеде жасамайтын болғандықтан тиесілі ештеңе жоқ. Балаларым ақылы оқуда, жолдасым ауыр жұмысқа жарамайды. Бізге бере көмегіңіз бар ма? Жер кезегін ілгерілетуге болмайма?

    Жауабы:
    «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ базасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу туралы өтінішпен Ақтөбе қаласы, ағ.Жұбановтар к-сі, 257 үй, 304 петерде тұратын аз. Боранбаева Рая 2008 жылы 13 қарашада №22244 болып тіркелді және есепке алынды.
    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II-ЗРҚ «Жер кодексінің» 44 бабына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер бөлуге алаңдар дайындау шамасына, коммуникациялық желілердің жүргізілуіне байланысты және қойылған кезекке сай қанағаттандырылатынын хабарлаймыз.

Сұрағыңызды немесе пікіріңізді жазыңыз

Ескерту: Жазуыңыз тексерілгеннен кейін жарияланады