Өмірбаян

null

1947 жылдың 1 мамырында Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған.
Математика пәнінің мұғалімі, инженер-механик мамандықтары бойынша Ақтөбе педагогикалық институтын (1977 ж.), Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын (1990 ж.) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1965 жылы Ойылдағы СКТУ-196 дене тәрбиесі пәні мұғалімдігінен бастады, Темір индустриалды-педагогикалық техникумының мұғалімі болып қызмет етті. Кеңес әскерінде борышын өтеген соң, 1971-1974 жж. Ақтөбе қаласындағы КТУ- 100 өндірістік білім беру шебері, мұғалім болып жұмыс жасады, 1974-1977 жж. ҚКТУ-107 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1977-1980 жж. облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1980-1985 жж. Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің инструкторы, 1985-1988 жж. облыстық кәсіби техникалық білім беру басқармасының бастығы, 1988-1990 жж. Ақтөбе қаласында Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, 1990-1992 жж. облыстық халықтық білім беру басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

1992-1994 жж. ҚР білім министрінің орынбасары, 1994-1995 жж. ҚР Жоғарғы Кеңесінің консультанты, 1995 жылы Алматы қаласындағы құрылыс және менеджмент колледжінің директоры, ҚР білім министрінің орынбасары болды, 1995-1996 жж. — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 1996-2002 жж. — Ақтөбе қаласының әкімі. 2002 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатының Ақтөбе облысынан сайланған депутаты болды.
Екі медальмен, «КСРО кәсіби-техникалық білімін дамытудағы еңбегі үшін» құрмет белгісімен, «Астана» естелік медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.