- Елеусін Наурызбайұлы, әдетте, Сіз секілді ресми адаммен болатын сұхбаттың бәрі дерлік ресми шеңберден әріге бармайды: «мынаны бітірдік, ананы жоспарлап отырмыз» бен «пәлен пайыз, түген есе, мұнша теңге» деген сипаттағы есеп болып шығады. Әрине, сол «құрғақ» сандардың арғы жағында төгілген тер, салмақ түскен жүрек пен ми, тынымсыз ізденіс жататынын біз де ұғамыз. Ақтөбе облысының барлық салалар бойынша дамуының көрсеткіштері, өткен жыл қортындыларына қарағанда, өте жоғары. Биылғы дағдарыс тұсында да облыс кем дегенде өткен жыл деңгейінен төмендемеуді сеніммен жоспарлап отыр. Дегенмен, сіз бен біз осы «шеңберден» шығып, ресми кісілер үшін «дәстүрлі емес» сұхбатқа бара аламыз ба? Мәселен, Сізді «Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда беттеп барамыз?» дейтін «классикалық» сауалдар толғандырады ма? Әлде, Сіз «өте жақсы орындаушы» кейпінде қала бергенді қалайсыз ба?
Толығырақ оқу »
Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, Ақтөбе облысының әкімі: Ұлтты рухани дегдарлық құтқарады
Құрметті блог қонақтары!
Менің блогыма қош келдіңіздер!
Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.
Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.
Облыста болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.
Өзара сұхбаттың барлығымыз үшін де пайдалы һәм қызықты боларына сенімдімін!




